Әйелдерге арналған хош иістер

Әйелдерге арналған хош иістер

[Парфюмерия]

CIEL parfum хош иістері  – ішкі еркіндіктің, өзгешелік пен үйлесімділіктің ғажайып сусындары.
«Си Эль парфюм» компаниясының тұтынушыларға деген жылы қарым қатынасы әркімнің өз хош иісін табатын мінсіз теңгерілген парфюмерлік топтама жасауға мүмкіндік берді.  

CIEL parfum хош иістері хош иіс әуенінің сұлулығын сезе білетін, парфюмердің қиялын, дарыны мен сонылығын бағалайтын тұтынушыларға арнап шығарылған.  «Си Эль парфюмнің» барлық хош иістері сұлу және танымал. Олардың иісі ұзақ сақталады және «ноталарының үшбұрыштылығында» көрсетілгеніндей жарқын өзгерісін байқауға болады.  

CIEL parfum хош иістері француз парфюмерия өнері мектебінің қағидалары бойынша Жан-Пьер Бетуар, Жан-Шарль Ниель, Натали Лорсон, Винсент Шаллер, Филипп Буссетон, Ванесса Пруден, Жан Жак және Реми Барбье секілді атақты парфюмерлермен жасалады. Француз парфюмері басқаратын компанияның Парфюмерлік кеңесі Марина Анатольевна Степановамен салынған дәстүрді жалғастырады. CIEL хош иістерінің сапа кепілі –  Firmenich, International Flavors and Fragrances, Takasago International, Argeville сияқты ірі жеткізушілердің ең үздік парфюмерлік композицияларын пайдалануында.

[Парфюмерлік суы]

Өз композициясында француз тангосының қос жарнақты ырғағын қайталайтын хош иіс.

[Парфюмерлік суы]

Happy essence – адамдарға бақыт сыйлауға арналған жарқын, тұжырымды, күрделі хош иіс.

[Парфюмерлік суы]

Ол таза әрі балғын.

Жоғарғы нотасында ақгүл шәйінің, мандарин мен қарақаттың үйлесімі сезіледі.

Хош иіс денеге барқыттай жұмсақ сіңеді.

[Парфюмерлік жұп]

Хош иіс жұптары жаны жаңалыққа құмар, ерлерге наздану мен еркелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін ұнататын, хош иістерді жаңа көйлекше ауыстыратын талғампаз әйелдердің көңілінен шығу үшін жасалады.

[Парфюмерлік суы]

Бірнеше хош иістен тұратын жиынтықтар әрқашан өзгеріп отыруға мүмкіндік береді.

Бір серияға біріктірілген хош иістердің әртүрлілігі көптеген әйелдерді логотипі бар эксклюзивті шишадағы ғажайып парфюмнің иесі атандырады.

CIELден хош иістердің жаңа стильді топтамасы – еркін көпдауысты сүйемелдеудегі қайталанбас нақ алты гүлді әуен.

Үш күндізгі және үш кешкі хош иіс.

Модерн стиліндегі шишалар нәзіктік пен ақынжандылықты нышандайды. Әрбір хош иіс – жаңа  мінез, жаңа поэзия, жаңа тарих, жаңа нышан.

«2007 жылдың хош иісі» байқауындағы «Үздік топтама» номинациясының жеңімпазы

[Парфюмерлік суы]

«2006 жылдың хош иісі» байқауының әділ қазы мүшелері Souffle d’automne  хош иісін  2006 жылдың қазіргі заманға лайықты хош иісі деп көрсетті:

«...хош иіс биязылықтың ішкі сәулесімен жарқырайды. Онда нәзік сезімталдық сезіледі.

Ол әйел терісінде жақсы ашылады.

Оның әуенін орган үнімен салыстыруға болады: осы әуенді естісең болғаны, ішке кіріп, жанды дыбысты рахаттана тыңдағың келеді!».

Сонымен қатар қаптаманың да ерекше екендігін атап көрсетті. Әсем шиша (Paradis vert) ағаш жапырағына да, (Carrousel d’ete) ұзын гүлді жапыраққа да,  (Souffle d’automne) күзгі күн сәулесіне де, (Robe d’hiver) мөлдір мұздаққа да ұқсайды.

Saisons Parisiennes – «2006 жылдың хош иісі»  байқауының ең үздік парфюмерлік топтамасы

[Парфюмерлік суы]

AROME – табиғи ингредиенттері бар парфюмерлік сериясы.

Серияның хош иістері – Sexuel, Energique, Courage және Relax құрамында жеңіл терапиялық әсер беретін табиғи эфир майлары бар. Әрбір хош иіс жарқын терапиялық әсер берілген сирек өсімдіктен алынған экзотикалық басым компоненттен құрастырылады.    

AROME  табиғи парфюмериясы адамның өз көңіл-күйін басқаруына мүмкіндік береді.  Эфир майларының әсері эмоционалдық көңіл-күй үйлесімділігіне жақсы ықпал етеді. Әрбір хош иістің өз бағыттылығы, айрықша қасиеті бар.

Құрамының арқасында Sexuel, Energique, Courage және Relax хош иістері «денеге жақын» сыр шертед шертеді. Табиғи эссенциялардың көптеген компоненттері бар бұл хош иістер барынша мол түстер мен ноталардың сан алуандығымен ойнайды. Планетадағы табиғи ингредиенттердің қоры шектеулі және бұл табиғи парфюмерияға бірегейлік пен қайталанбастықты сыйлайды.

[Майлы әтірлер]

Шығыс парфюмерлерінің ежелгі дәстүрлері Voyage en Orient  таңғажайып майлы әтірлер топтамасында өз жалғасын тапты!

Құрамында спирттің болмауы хош иістердің ұшпалығын азайтады және шығыстық құштарлық пен қанықтық береді.

Voyage en Orient әтірі сүйкімді бейнесі бойды билеп әкетер құштарлықпен нұр шашатын шығыс әйелінің кейпін сомдайды.

[Әтір]

SOLEIL – күннен туған хош иіс, су жағалауының ыстық құмдары секілді күйдірерлік.

Қою, шығыстық, көз алдыңа дәмі тіл үйірер жемістердің, экзотикалық бал татитын тәттілердің, шығыс базарының татымдыларының бейнелерін елестетін, бальзамдар мен асыл ағаштың қанық реңктерімен еліктіретін хош иіс.

Ыстық жаздың келбеті жадыңда жаңғырады, күйген денедегі теңіз тамшыларының елесі – ызғарғы қыстың күні бойыңды жылытар армандар. SOLEIL әтірі – таңғажайып, классикалық, жұмсақ иістер. Бұл хош иістер қызу, толқытар, ыстық, сезімді және жарқын.

Хош иістер нәзік, сезімтал және мөлдір ақсары аруларға арналмаған. Шығыс реңктері классикалық есейген әйелдерге және жанары маужыраған қара торы жас келіншектерге жақсы жарасады. 

Негізгі ноталары – гүлді, амбралы, шығыстық.

Special – саны шектеулі сериямен шығарылған эксклюзивті хош иістерден тұратын жоба.

Олар осы парфюмерлік төлтумаларды шығаруға негіз болған даралық идеясын бойына сіңірген.

Special белгісімен шығарылған әрбір парфюмерлік туынды ерекше, ол адамның жеке даралығының, оның өмірінің әрбір сәтінің айрықшалығының әнұраны іспеттес.

БЕЙНЕ-РОЛИК КӨРУ: Special (Limited Edition) сериясының 2011 жылғы төрт бірегей хош иісі

[Парфюмерлік суы]

NUAGE парфюмерлік суы – жаңа классика – парфюмериядағы соңғы тенденциялар.

Жеңіл, мөлдір, нәзік, қозғалысты хош иістер топтамасы, олар гармония, нәзіктік пен маңғаздық сыйлайды.

Оған аскөктің, жемістердің, цитрустардың, жұмсақ ағаш жұпарлы дақтардың ауадай жеңіл ноталары, жылы, ағашты, асыл шлейф фонындағы бір немесе бірнеше мәртебелі гүлдердің үйлесімі тән. 

Гүлді, қиялды, жемісті, бас айналдырар, жеңіл, қалқыған, баурап алар хош иіс. Оларды танымау мүмкін емес! Оларды жақсы көрмеу мүмкін емес!

Негізгі ноталары – гүлді, жемісті.

[«Экстра» тобындағы әтірлер]

Жастық шақ – уайымсыз бақытты шақ. Ғашықтық, достастық, қызғану мен бақталасу сәттері бірін-бірі алмастыра, зымырап өтіп жатыр.

Arc-en-ciel – бұл сан алуан әсерлі сезімдер әлеміне саяхат жасау! Өмір жарқын болып көрінеді,  шаттық болып сезіледі.

Бұл жаңа әсерлер, дүниеге байыпты көздермен қарау.

Arc-en-ciel әтірі– жарқын, жеңіл, естен тандырар хош иістер топтамасы.

Арнада  – батыл заманауилық, бүгінгі күннің барлық сәндісі мен өзектілігі.

Arc-en-ciel әтірі – жастық шақ жасасын! Негізгі ноталары – жемісті, гүлді, шығыстық